Басты бет / Халықаралық студенттік ғылыми конференция сәтті өтті
Халықаралық студенттік ғылыми конференция сәтті өтті

2025 жылғы 25 сәуірде Гуманитарлық факультеттің Шетел тілдері кафедрасы Қазан федералдық университетінің Шетел тілдері кафедрасымен бірлесіп «ЖОО-да шетел тілін оқыту – кәсіби қауымдастықта табысқа жетудің бір сатысы» атты X халықаралық студенттік онлайн ғылыми конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – шетел тілдерін оқытудағы заманауи тәсілдерді талқылау және кәсіби саладағы тілдік құзыреттіліктің маңыздылығын айқындау. Іс-шараға қатысқан студенттер өздерінің ғылыми-тәжірибелік ізденістерімен бөлісіп, шетел тілін меңгерудің кәсіби дамуға тигізетін әсері туралы ой қозғады.

Конференция аясында 8 студент ағылшын тілінде мазмұнды баяндамалар жасап, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Ең үздік баяндамалар «Әлемдегі шетел тілдері» журналының (РИНЦ) арнайы жинағында жарияланатын болады.