2022 жылдың 24 мамыры күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы модернизациялау контекстіндегі Евразияның этностары мен мәдениеттері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Гуманитарлық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы және Нұр-Сұлтан қ. әкімшілігі жанындағы «Қоғамдық келісім» ҚМБ.
Іс-шараға этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, мектеп мұғалімдері мен Республика музейлерінің қызметкерлері (Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Отырар, Ақтөбе, Орал т.б қ.) қатысты.
Баяндама тақырыптары - негізінен тарих, саясаттану, философия, этнология, этнография, археология, әдебиет және т.б. салаларының өзекті мәселелерін зерттеудің кең ауқымын қамтыды. Сонымен бірге, этносаралық және ұлтаралық келісім мәселелеріне, Еуразия этностарының мәдени мұрасын сақтау, этноәлеуметтік, этнолингвистикалық және діни үдерістерге ерекше назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша «Жаңа Қазақстан: тарихи сананы модернизациялау контекстіндегі Евразияның этностары мен мәдениеттері» тақырыбындағы ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарық көрді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.