Басты бет / «Есірткіні, психоактивті заттарды және олардың аналогтарын қолданудың салдары» тақырыбында кездесу өтті
«Есірткіні, психоактивті заттарды және олардың аналогтарын қолданудың салдары» тақырыбында кездесу өтті

2022 жылдың 15 наурызы   күні нашақорлықтың және есірткінің алдын алуға  бағытталған «Есірткіні, психоактивті заттарды және олардың аналогтарын қолданудың салдары» тақырыбында  қалалық құқық қорғау мекемесінің маманымен  кездесу өтті.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры - Ә. Кибатқызы,Жастар саясаты департаментінің менеджері - М.Шолыкбаева және ВжМШТ мен Агрономиялық  факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

Кездесуде Ә.Кибатқызы жастарға  психоактивті заттардың негізгі фармакологиялық әсері туралы айтып,  сонымен қатар есірткі заттардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс қимыл шаралары туралы түсіндірді.

Шара соңында   есірткінің алдын алуға бағытталған бейне-баяндар көрсетіп ақпараттық брошюралар  таратып берді