Басты бет / "Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру" тақырыбында кездесу өтті
"Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру" тақырыбында кездесу өтті

2022 жылдың 28 қазаны күні "Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру" тақырыбында Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Кездесуге ІІД қызметкерлері, аға учаскелік инспектор, полиция майоры Оразымбет А.А., учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қалиев Н.М., Жастар саясаты департаментінің директоры Ахметов Ә.М. және Агрономия факультеті мен ЖРБСжД факультетінің студенттері қатысты.

Кездесуде ІІД қызметкерлері тақырып аясында ашық алаң құрып, студенттерге құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты талабы екенін түсіндірді. Тақырып бойынша қысқаша мәліметтер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.