Басты бет / Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

2022 жылдың 16 мамыры күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оқытушылар және қызметкерлер ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге "Astana-Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Жанділдаев Бақдаулет Болатұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Аңсағанова Айгерім Аңсағановна, "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал басшысы Құлжамбеков Дархан Болатұлы,  Қоғам белсендісі Шәкен Тұрар Саттарқызы,  университеттің заңгері Заксалыков Тулеген Серікұлы,  Басқарма төрағасының жастар саясаты   және әлеуметтік мәселелер жөніндегі  орынбасары Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы, Жастар саясаты департаментінің қызметкерлері мен университеттің ПОҚ құрамы қатысты.

Кездесуге келген мамандар аталған тақырып аясында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық бойынша заң аясындағы жауапкершілікті жан жақты түсіндірді.  Ұжымдағы оқытушы -қызметкерлерді ҚР азаматы, отбасындағы ата-ана ретінде жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.