Басты бет / Студенттік Парламенттің қайта сайлау және есеп беру жиыны өткізілді 13.09.2024
Студенттік Парламенттің қайта сайлау және есеп беру жиыны өткізілді 13.09.2024

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бекітілген кесте бойынша 2024 жылдың 13-17 қыркүйегінде университеттің студенттік ұйым және клуб мүшелерінінің  төраға/төрайымдарының есеп беру - сайлауы өткізілді.

Өзін-өзі басқару - университеттегі студенттердің белсенділік көрсеткіші. Жастар саясатының нәтижелі жүруіне клубтар мен студенттік ұйымдардың қосар үлесі орасан. Клубтар қауымдастығы жастардың қызығушылығына қарай ашылған сан-түрлі ұйымдардың дамуына зор ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Студенттердің актерлік шеберліктерін, би өнері, ұлттық аспаптарда ойнау, вокал және КТК ойындарында көрсетуге мүмкіндік жасалған.

Оқу жылы басталып, 1 курсқа қабылданған студенттеріміз  университеттің ішкі өмірімен танысуда. KazATZU тек ғылыми көрсеткіште ғана емес, студенттік белсенділік тұрғысынан да жоғары екенін айқындай алады. Сайлау нәтижесінде Студенттік Парламент жаңа басшыларын сайлады.Олар:

 

Студенттік парламент ұйымының төрайымы,  агрономия факультетінің студентінің 4 курс студенті – Құрбанғали Аружан;

 

Студенттік Сенат төрағасы, КжжКББ факультетінің 4 курс студенті – Рахымбай Диас;

 

Студенттік Мәжіліс төрайымы, техникалық факультетінің 2 курс студенті – Адилбекова Нұргүл тағайындалды.