Басты бет / «Жеке тұлға мәдениеті: адалдық пен парасаттылық» атты брейн-ринг өтті
«Жеке тұлға мәдениеті: адалдық пен парасаттылық» атты брейн-ринг өтті

2023 жылдың 31-қазаны күні университетімізде Мәдени –бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитеті және Комплаенс қызметінің   ұйымдастыруымен  «Жеке тұлға мәдениеті: адалдық пен парасаттылық» атты брейн-ринг өткізілді.

Брейн-ринг ойынының мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық мағлұмат беру,білімдерін жетілдіру.

Қазылар құрамында Басқарма мүшесі- Студенттер ісі жөніндегі проректор – Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетова; Комплаенс қызметінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы болды.

Брейн –рингке 8 факультеттің командалары қатысып, төмендегі аталымдар бойынша ұйымдастырылды:

1.            «Тарихқа саяхат»;

2.            «Блиц-Турнир» (капитандар сайысы);

3.            «Шешендік өнер».

Ойынның қорытындысы:

I орын - Техникалық факультеттің студенттері;

II орын - Агрономиялық факультеттің студенттері;

III орын-  КЖжКББ и ВжМШТ факультеттерінің студенттері.

Құттықтаймыз!