Басты бет / “Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті” атты пікір-сайыс турнирі өтті
“Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті” атты пікір-сайыс турнирі өтті

9-желтоқсан Халықаралық сыйбайлас жемқорлықпен қарсы күрес күніне орай   8 желтоқсан күні  ҚАТЗУ университетінде “Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті” атты пікір-сайыс турнирі өтті.

Университетіміздің “ Шырақ” дебат клубының төрайымы Ақжүніс Әбдіхаматова мен “Антикор” волонтерлік ұйым төрайымы Адема Джунусованың ұйымдастыруымен пікір-сайыс турнирі (БПФ) форматында  жоғары деңгейде жүргізілді.

Пікір-сайыс жеңімпаздары “Үздік спикер” номинацияларға ие болып, жүлделі орындарды иеленді:

1-орын Райымбек Адас, Серік Абай;

2-орын Алымов Исатай, Жақсыжан Дариға;

3-орын Кенжеғали Диас,Елюбай Ернур;

Қатысушыларға белсене атсалысқандарымен,өздерінің жүйелі,маңызды ойларын толық жеткізгендеріне мың алғыс білдіреміз!