Басты бет / "ArrowCrew" командасына кастинг өтті
"ArrowCrew" командасына кастинг өтті

2023 жылдың 15 қарашасында Агрономия факультетінің акт  залында "ArrowCrew"командасына жыл сайынғы кастинг өтті. Кастингте қатысушылар K-Pop,Hip-Hop,Mix dance,Jazz funk сияқты әртүрлі би стильдерін ұсынды.

Бұл кастингке жеке және дуэтпен қатысуға рұқсат етілді. Қатысушылардың хореографиясын ұсынғаннан кейін командаға қабылдау туралы шешім қабылдады:

Алтайқызы Аймекен

Амагелді Алина

Зайтонов Темерлан

Ибраева Әлия

Ибраимова Жаннат

Тұрған Нұрай

Кастингтен кейін жаңа мүшелер, сондай-ақ топ мүшелері өздерінің таланттары мен импровизация қабілеттерін көрсетті. Команда жаңа жас таланттарды жылы шыраймен қабылдады