Басты бет / «Еліміздің ертеңі – білімді, зейінді ұрпақ» атты дөңгелек үстел өтті
«Еліміздің ертеңі – білімді, зейінді ұрпақ» атты дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 10 ақпаны  «Jastar city-2020» клубының ұйымдастыруымен  Zoom қосымшасы арқылы «Еліміздің ертеңі – білімді, зейінді ұрпақ» тақырыбында  студенттермен  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының профессоры Г. Каппасова және университеттің  белсенді студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде Г. Каппасова «Бүгінгі заман жастары қандай болуы керек?» - деген сөзімен бастап , жастардың білімін кеңейтіп, зейінді ұрпақ қандай болу керек екенін түсіндірді. Студенттерде дөңгелек үстелге дайындап келген баянамаларын оқып, өз сұрақтарын қойып пікір алмасты.