Басты бет / ҚазАТУ түлектері мен студенттері бірлесе қатысқан жүгіру марафоны өтті
ҚазАТУ түлектері мен студенттері бірлесе қатысқан жүгіру марафоны өтті

2022 жылдың 6 маусымында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Сарыарқа» спорт кешенінің аумағында жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен ауылдық жерде еңбек етіп жүрген ҚазАТУ түлектерінің еңбек жолын ұлықтау үшін, түлектер мен студенттер бірлесе қатысқан жүгіру марафоны өтті. Марафонға Ақмола облысының ауылдарында, Шортанды кентіндегі Бараев атындағы АШҒӨО – да еңбек етіп жүрген түлектер арнайы шақырылды.

   «Денсаулық – зор байлық» дегендей, аталған марафонның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, түлектер мен студенттер арасында шығармашылық байланыс орнату болып табылады.