Басты бет / Мектеп қабырғасындағы «Қанат қаққан күн» қойылымы
Мектеп қабырғасындағы «Қанат қаққан күн» қойылымы

«Менің бауырым» жобасы аясында университетіміздің белсенді студенттері Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия, Ільяс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гиназия және №62 мектеп-лицей ұжымына барып, «Қанат қаққан --- атты қойылымын ұсынды. Қойылым мектептегі соңғы сәттерді суреттеп, оқушылардың тестілеуге дайындалу барысын, шәкірттердің ұстазына деген құрметін арттыруға бағытталды. Қазіргі сәтте бастарынан өтіп жатқан сәттерді сахнада көрген оқушылар, қойылымды жақсы қабылдап, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді. Мектеп ұжымы университетіміздің белсенді студенттеріне және осындай мүмкіндік жасап берген университет басышылығына өз алғыстарын жеткізді. Алдағы уақытта басқа да көптеген бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға ықыластарын білдірді.