Басты бет / Демеушілер білім грантын табыстады
Демеушілер білім грантын табыстады

«QazaqZher» көпсалалы жобалау компаниясы демеушілік көмек ретінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бір студентке білім грантын бөлген болатын.

2023 жылдың 19 қыркүйек күні  «Qazaq Zher»  көпсалалы жобалау компаниясының атынан білім грантын техникалық факультетінің  «Агроиженерия» мамандығы бойынша 1-курс студенті Дидар Байқуанышевқа табыстады. Білім грантын «QazaqZher» көпсалалы жобалау компаниясының өкілі Тойбеков Қанат Абылайұлы табыс етті. Марапаттау рәсіміне Астана қаласының «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының төрағасы Е.Е.Дәкенов, «AMANAT» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.Ш.Қонақбаев, Студенттер ісі жөніндегі проректор Құсайынова Ж.А., Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бас менеджері Ә.Ә.Төлбаев, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары және топ кураторы   қатысты.