Басты бет / Волейбол (ерлер) спорттық секциясы
Волейбол (ерлер) спорттық секциясы

2023 жылдың ақпан айында волейбол (ерлер) спорттық секциясы кесте бойынша университет студенттерімен жұмыс атқарды. Жаттығу процесімен бірге спорттық шеберлікті арттыру мақсатында келесі жарыстар мен жолдастық кездесулер өткізілді.

1. 2023 жылдың 6–9 ақпан аралығында ҚазАТУ студенттері арасындағы факультетаралық спартакиада аясында волейболдан ерлер жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарыс нәтижесі: 1-орын ВжМШТ факультеті, 2-орын техникалық факультет, 3-орын энергетикалық факультет.

2. 2023 жылдың 22-ақпан күні университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Астана қаласының Еуразия ұлттық университеті құрама командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске қол жеткізді.