Басты бет / Волейбол (ерлер) спорттық секциясы
Волейбол (ерлер) спорттық секциясы

2023 жылдың наурыз айында волейбол (ерлер) спорттық секциясы кесте бойынша университет студенттерімен жұмыс атқарды. Жаттығу процесімен бірге спорттық шеберлікті арттыру мақсатында келесі жолдастық кездесулер өткізілді.

1. 2023 жылдың 1-наурыз күні университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Астана қаласының Еуразия ұлттық университеті құрама командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен жол берді.

2. 2023 жылдың 5-наурыз күні университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Ақтөбе қаласының ҚР чемпионатының Жоғарғы лигасында ойнайтын «Әлихан» кәсіби волейбол клубы командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:3 есебімен жол берді.

3. 2023 жылдың 13 және 15 наурыз күндері университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Астана қаласының Назарбаев университеті спортзалы алаңында аталмыш  университет құрама командасымен жолдастық кездесулер өткізіп, алғашқы кездесуде 1:3 есебімен ұтылса, келесі кездесуде 3:2 есебімен жеңіске қол жеткізді.