Басты бет / Волейбол (ерлер) спорттық секциясы
Волейбол (ерлер) спорттық секциясы

2023 жылдың мамыр айында волейбол (ерлер) спорттық секциясы кесте бойынша университет студенттерімен жұмыс атқарды. Жаттығу процесімен бірге спорттық шеберлікті арттыру мақсатында келесі жолдастық кездесулер өткізіліп, республикалық турнирге қатысты.

1. 2023 жылдың 28 сәуірі мен 5 мамыр аралығында университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Түркістан қаласының Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында «Студенттік спорт лигасының» ақтық ойындарына қатысты. Астана қаласы бойынша екінші орын иемденіп, ақтық ойындарға жолдамаға ие болған құрама команданың республикалық жоғарғы деңгейдегі алғашқы жарысы болды. «Студенттік спорт лигаға» еліміздің әр аймағынан барлығы 12 команда қатысқан болатын. Ол командалардың басым бөлігі жоғарғы деңгейдегі жарыстарға қатысып жүрген тәжірибелі ойыншылардан құралған. Топтық кезеңде командамыз 2 ойында жеңіске жетіп, 3 ойында жеңіліс тапты. 7-орын үшін болған ақтық ойында Атырау университетінің командасына жол беріп, жалпыкомандалық есепте 8-орынды иеленді.

2. 2023 жылдың 22 мамыр күні университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Астана қаласының Есіл университеті командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске қол жеткізді.

3. 2023 жылдың 31 мамыр күні университетіміздің волейболдан ерлер құрама командасы Астана қаласының Еуразия ұлттық университеті құрама командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен жол берді.