Басты бет / Волейболдан спорт секциясы (әйелдер) (желтоқсан 2023)
Волейболдан спорт секциясы (әйелдер) (желтоқсан 2023)

Желтоқсан айында университеттің волейболдан (әйелдер) спорт секциясы жылдық жоспарға сәйкес кесте бойынша жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында "Теориялық дайындық" бөлімі бойынша волейбол ойнаудың тактикасы мен техникасы, "дене шынықтыру" бөлімі бойынша қозғалыс қасиеттерін дамыту және арнайы жетілдіру, "техникалық дайындық" бөлімі бойынша блоктау техникасын жетілдіру, "тактикалық дайындық"бөлімі бойынша қорғау және қарсы шабуыл ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 13 желтоқсанында спорт шеберлігін арттыру мақсатында волейболдан әйелдер құрамасы Астана қаласының медицина университетінің командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Жаттықтырушы: Демеуов Т. К.