Басты бет / С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ КеАҚ 2022-2023 оқу жылы ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша мақала (наурыз)
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ КеАҚ 2022-2023 оқу жылы ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша мақала (наурыз)

«Тоғызқұмалақ» үйірмесінде Этюдтер шешу, комбинация құру тәсілдері, екі жақтама ойын ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу бойынша жұмыс жургізілді. Сонымен видеожазбадағы түрлі жүрістерді тамашалап,  тұздық алу тәсілдері  мен отаулар бойлап жүру тәсілдері устінде жумыс жасалды.

«Шашка» ойыны бойынша  Қазақстан республикасы Азия чемпионы ВжМШТ факультеті 2 курс студенті Алтынхан Аяулымды шеберлік сабағын өткізуге «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне шақырдық. Ол бул кезде Өзбекістан Республикасы Ташкент қаласында өткізілген жарыс және сол сәттегі жеңіске жету жолдары мен қыр сырлары туралы өз пікір ойларымен бөлісті жәнеде секция студенттерімен бірге ойнап көрсетті.

Әрине студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға өз тәжрибесіне суйене жауап берді. Кездесу қызықты өтті. Жоспарымызда тағыда осындай студенттерімізге шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған. Бундай кездесулерді ұйымдастыру  «Тоғызқұмалақ», «Шашка», және «Шахмат» ойындарын меңгеруде, студенттердің күш жігерін арттырады деп сенеміз.

 «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорт турінен  жаттықтырушы: Туленова  Х.Б.