Басты бет / С.Сейфуллин университетінің студент-жастары «JASTAR JALYNY-2023» шығармашылық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды
С.Сейфуллин университетінің студент-жастары «JASTAR JALYNY-2023» шығармашылық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

Елорданың  Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында  «JASTAR JALYNY-2023» жастар шығармашылық фестивалінің  жабылу салтанаты  өтті.

Фестиваль 10 жыл бойы өткізіліп келеді және студенттердің сүйікті  іс-шарасы. Фестивальде Астана қаласындағы 13 ЖОО жастары бақ сынасты.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері барлық 10 номинацияға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ,

"Ақжелкен" студенттік театры "Театр" номинациясы бойынша 1-орынға ие болды. Театр құрамындағы студент-жастар "Гүлбаһрамның көз жасы" атты ақын, ғалым, драматург Ғ.Е.Ештанаевтың драмалық қойылымын сахналады.

"Шабыт" ұлттық аспаптар ансамблі "Музыкалық аспаптар" номинациясында 1-орынға ие болды. Ансамбль құрамындағы студенттер домбыра, қобыз, саз сырнай, кахон, бас домбыра музыкалық аспаптарды үндестіріп, шебер орындаушылық қабілеттерімен көзге түсті.

"Поэзия" номинациясы бойынша ОШЖТжҚО факультетінің 2-курс студенті Елдар Әмірхан 1-орынға ие болды.

"Сурет салу" номинациясы бойынша ЖРБСД факультетінің 2-курс студенті Самал Мукашева 2-орынды жеңіп алды;

"Qazaqquiz" зияткерлік ойынында ҚАТЗУ командасы 2- орынға ие болды. Біздің команданың кұрамында ойын көрсеткен: Дастан Кокымжанов (1-курс ВжМШТ), Аякуз Мұхамадова (1-курс, ЖРБСД), Ұлжан Умарова (1-курс, ЖРБСД), Жарқынбек Сүндетұлы (1-курс, Энергетикалық), Ұлан Тұрсын (3-курс, Энергетикалық);

2017 жылы студенттердің бастамасымен құрылған   "Arrow crew" студенттік клубы "Заманауи би" номинациясы бойынша 2- орынға ие болды. Бидің сюжеттік желісі, жастардың орындаушылық қабілеттері бағаланып, үздіктер қатарынан шықты.

            "Медиа" номинациясы бойынша "KATZU MEDIA" студенттік клубы өздерінің  бейнеролигін ұсынып, 2-орынды жеңіп алды;

            "Шаттық" би ансамблі "Халық биі" номинациясы бойынша 3 -орынға ие болды;

            "Эстрада" номинациясы бойынша  ЖРБСД факультеттің 1-курс студенті Айнұр Сәдуақасова 3-орынды иеленді.

Жүлделі орындар үшін ұжымдар ақшалай сыйақылармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы командалық есепте 13 ЖОО арасында КАТЗУ фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды.