2026 жылғы 22 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Бизнес және цифрлық технологиялар институтының ғылыми клубтары арасында өткен «Student’s Scientific Clubs Promotion» байқауының қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
«Student’s Scientific Clubs Promotion» байқауын бағалау үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия құрылды. Сараптамалық комиссия құрамы:

«Student’s Scientific Clubs Promotion» ғылыми клубтар арасындағы байқаудың нәтижелері:
I орын - «Қаржыгерлер мектебі» ғылыми клубы, ғылыми жетекшісі Омарханова Ж.М., «Қаржы, есеп және аудит» БББТ;
II орын - «Демографиялық процестерді басқару» ғылыми клубы, ғылыми жетекшісі К. Бодаухан, «Экономика, менеджмент және маркетинг» БББТ;
III орын - «Бизнес және құқық» ғылыми клубы, ғылыми жетекшісі Г.К.Нарбаева, «Экономика, менеджмент және маркетинг» БББТ.
Ынталандырушы жүлделер келесі ғылыми клубтарға берілді:
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
Аталған байқаудың өткізілуі тұрақты ғылыми ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, олардың аналитикалық ойлауын және практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл байқау ғылыми зерттеулер мен жобалық қызметке қызығушылықты арттырып, білім алушылардың ғылыми-инновациялық қызметке белсенді қатысуын ынталандырады.







Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.