Басты бет / «Экоlife» cтуденттік экологиялық клубы
«Экоlife» cтуденттік экологиялық клубы

«Экоlife» клубының Ережесі

«Экоlife» cтуденттік экологиялық клубы «Экология» кафедрасы жанынан 2009 жылы құрылды. Клубтың атсалысуымен табиғатты қорғау саласында іс-шаралар, тәрбиелік маңызы бар акциялар, студенттердің, магистранттардың ғылыми-ізденіс жұмыстары іске асырылады.

«Экоlife» cтуденттік экологиялық клубының мақсаты:

Студенттердің экологиялық сауаттылығын және экологиялық мәдениетін жоғарылату.

«Экоlife» cтуденттік экологиялық клубының міндеттері:

«Экоlife» cтуденттік  экологиялық  клубының 2020-2021 оқу жылындағы құрамы:

1. Төрайым:

Токтарова Акима

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестірушілер:

Жакенова Аружан

Логачева Ольга

Акпарова Ақнұр

Шакир Аружан

Ивкина Вероника

Жамантаева Камила

3. Табиғатты қорғау іс-шараларын үйлестірушілер:

Костубаева Жанар

Долгиева Танзила

Аубакирова Диана

Гамова Ангелина

Дильдабекова Зарина

Алданазар Мейіржан

4. Мәдени-танымдық іс-шараларды үйлестірушілер:

Толибаева Райхан

Анарбекова Айым

АйкынбайАсел

Дильман Кристина

Смагулова Айдана

5. Ақпарат қызметін үйлестірушілер:

Аширхан Алима

Жакенова Аружан

Марчук Екатерина

«Экоlife» клубының жетекшісі: Г.Б.Дюсенова

Кафедра жанында 2009 жылдан бері «Экоlife» клубы жұмыс істейді, клубтың мақсаты адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуге қатысу – экологиялық сананың экоцентрлік типі бар экологиялық тұлғаны тәрбиелеу арқылы қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында құрылған. Түрлі табиғат қорғау іс-шараларын өткізу және оларға қатысу арқылы студенттер біртіндеп осы мақсатқа ұмтылады.

«Байтақ болашақ» республикалық экоальянсының ұйымдастыруымен «Әр қазақстандыққа бір тал – 18 миллион талшыбық отырғызу» акциясына Экология мамандығының студенттері мен «Эkolife» клубының мүшелері жыл сайын белсене қатысады.

Сонымен қатар жыл сайын клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ғаламдық экологиялық проблемалар» тақырыбында Экология мамандығының студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп отырады.

«COVID-19» пандемиясына байланысты 2020-2021 оқу жылында клуб аясында өткізілген барлық іс-шаралар онлайн форматта өткізіліп жатыр. Инстаграм әлеуметтік желісінде «Экоlife» экологиялық клубының парақшасы ашылды https://www.instagram.com/p/CGIgf73g8MN/?igshid=eplwkgyam271

Бүгінгі күні инстаграм парақшасын клуб мүшелері белсенді түрде жүргізеді, онда клуб аясында ғана емес, сонымен қатар кафедрада өткізілген іс-шаралар да орналастырылады. Экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында студенттерде экочеллендждер өткізіледі. 2020 жылдың қазан айында университеттің барлық факультеттерінің студенттері қатысқан «Туған өлке экологиясы» атты фотоконкурс өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Агрономия факультетінің «Орман ресурстары» мамандығының студенті Назымбекова Нурмадина Абзаловна жеңіске жетті.

2020 жылдың 5 қарашасында республикалық деңгейдегі іс-шара аясында 2 курс студенттерінің (19-09, 19-07, 19-10 топтар) және Торайғыров университеті «Биология және экология» кафедрасының Эк-301 топ студенттері қатысуымен «Қазақстанда экотуризмді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді және «Экология» кафедрасының «Экоlife» клубының мүшелері қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен модераторлары, 19-09 топ кураторы А.Ш. Утарбаева және «География және туризм» кафедрасының меңгерушісі Д.Д. Есимова  (Торайғыров университеті).

2020 жылдың 11 қарашасында «Экоlife» клубы мен «Болашақ» академиясы (Қарағанды қ.) мүшелерінің қатысуымен «Қазақстандағы экологиялық таза дәрілік шөптер мәселесі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпанына дейін клубтың инстаграмдағы парақшасында «Помощь братьям меньшим в зимнее время» экочелленджі өткізілді, оған біздің университеттің басқа факультеттерінің студенттері де белсенді қатысты. Клуб мүшелерінің көмегімен үйсіз жануарларға арналған паналау орындарына жорық ұйымдастырылды. 


 

Бүгін экология кафедрасында "Менің қалдықсыз экологиялық әлемім. Білгірлер шайқасы!». Бұл ғылыми ойын 30 наурызда атап өтілетін Халықаралық қалдықсыз әлем күніне арналды.

Бұл іс-шараны "Экология" кафедрасының ПОҚ, "Эколайф" клубы, сондай-ақ "Экология"кафедрасының 1 және 2 курс студенттері ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның спикері және жүргізушісі "Экология"кафедрасының студенті Виктория Лавринович болды.

Ғылыми ойынға"Экология" кафедрасының үш тобы қатысты:

  1. 02-051-22-03 (Ахметова Аяжан, Бапанова Алина, Габриков Артем, Дробот Екатерина, Точиева Алина);
  2. 02-051-22-04 (Асанова Замира, Байсалбаева Алина, Сәкен Мадияр, Андреев Никита, Құдашев Иван);
  3. 02-051-23-03 (Смагулова Дильназ, Марат Айша, Келменбетова Адель, Галиакбарова Адель, Рахимова Айнұр).

Бұл ғылыми ойында 3 раунд болды, онда топтар қалдықтар туралы ең жақсы білімдерін көрсетті.

1 раунд - бұл раундта командаларға құрылыс алаңдары, қоқыстарды дұрыс сұрыптау және қайта өңделген қалдықтардан жасалған бұйымдар туралы сұрақтар қойылды.

2 раунд - бұл раундта командаларға қалдықтарды сұрыптау бойынша білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік берілді. Олар қалдықтарды сауатты және тез бөліп, нақты мамандар сияқты осы қалдықтарды қайта өңдеуге ұтымды шешім бере алды.

3 раунд-бұл раундта командалар қайта өңдеу бизнесін ашуы керек еді. Жүргізуші берген сомаға командалар аумақты сатып алып, жұмысшыларды жалдап, жабдық сатып ала алды. Және өз жобаларын көрермендерге таныстыру.

3 раундтың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды:

Бұл ғылыми ойын біздің білгірлерімізді өзекті экологиялық мәселелер саласында көрсетіп қана қоймай, студенттерді одан әрі үйлесімді жұмыс үшін біріктіре алды!