Басты бет / «Саятшы» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі
«Саятшы» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі

«Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасында «Саятшы» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.

Үйірменің мақсаты: Қазақстанның аңдары мен құстарының биологиялық ерекшеліктері мен таралуын,  аңшылықтану және аң шаруашылығы мамандығында оқитын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемелерін меңгеру.

Міндеттері:

  1. Қазақстанның жойылып кету қаупі бар аңдары мен құстарының биологиялық ерекшеліктерімен танысу;
  2. Аңшылық шаруашылықтарында кәсіби аңдар мен құстарға санақ, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  3. Кафедрада атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
  4. Жабайы құстарды және қазақтың тазы итін қолда өсіру технологиясын игеру (қырғауыл, бөдене).

         Күтілетін нәтижелер:

  1. Зерттеу жұмыстарына толыққанды қатысу нәтижесінде ғылыми мақалалар жазу, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;
  2. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  3. Зерттеу барысында болашақ мамандардың білімділігі мен біліктілігін көтеру.

 

«Саятшы» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Ж.М.Қарағойшин.