Басты бет / «Дендрохронолог» студенттік ғылыми үйірме
«Дендрохронолог» студенттік ғылыми үйірме

«Дендрохронолог» студенттік ғылыми үйірмесі биология ғылымдары кафедрасында доцент б.ғ.д. Ш.М. Жұмадинаның  жетекшілігімен жұмыс атқарады.

Студенттік ғылыми үйірменің жұмыс бағдары: «Қазақстанның солтүстік-шығыс  аймағындағы  қарапайым қарағайының (Pinus sylvestris L.) өсуіне қоршаған ортаны климаттық факторларының әсерін зерттеу»

Студенттік ғылыми үйірменің мақсаты:Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағындағы  қарапайым қарағайының (Pinus sylvestris L.) радиалды өсуіне климаттық факторлардың әсерін зерттеу.

Студенттік ғылыми үйірменің міндеттері:

  1. Дендрохронологиялық зерттеулер әдістерін таныстыру
  2. Кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris L.) жыл сайынғы сақиналарының хронологиясын талдау.
  3. Қазақстанның солтүстік-шығысындағы температура мен жауын-шашынның әсеріне байланысты кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris L.) қарқынды өсу динамикасын зерттеу.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Қазақстанның дала аймағында өсетін кәдімгі қарағайдың жыл сайынғы сақиналарының ені бойынша жалпылама ағаш-сақиналы хронологиясын (АСХ) құрастыру.
  2. Дендрохронологиялық талдау негізінде жауын-шашынның, температура мен күн белсенділігіне байланысты өсім динамикасының үлгілерін анықтау.
  3. Мақала республикалық және халықаралық конференцияда жарияланады.