Басты бет / «Зерттеуші паразитолог» студенттік ғылыми үйірмесі
«Зерттеуші паразитолог» студенттік ғылыми үйірмесі

Биологиялық ғылымдар кафедрасында доцент Л.Т. Булекбаеваның және магистрлар А.Ә. Арыстанбай, Л. Мейрамханның жетекшілігімен «Зерттеуші паразитолог» студенттік ғылыми үйірме жұмыс атқарады. Үйірмеде ВжМШТ факультеті мен Биология ғылымдары кафедрасының  мамандықтарында оқитын 1 және 2 курс студенттері ғылыми жұмыстарымен айналасады.

Ғылыми үйірме тақырыбы:

Үй жануарлар, жабайы және үй құстары, сонымен бірге  балықтардың паразитоздарын зерттеу.

Үйірме мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, паразитологиялық әдістерді игеруге мүмкіндік туғызу және анықталған паразиттерге қарсы алдын алу шараларын ұсыну, қолдану.

Ғылыми үйірменің міндеттері:

- Паразитологиялық зерттеу әдістерін игеру (Инновациялық әдістерді қолдану. Модификацияланған Фюллеборн, Шульман әдістерін қолдану, антифриз және тосол ерітінділермен жұмыс атқару);

- Мортальді және витальді әдістермен жануарлардың тері жабынын акаридоздарға тексеру. Зерттеулерді салыстырмалы түрде жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

- студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру;

- арнайы пәндер бойынша терең зерттеуге негіз болады;

- ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиетпен жұмыс істеуге, ақпараттың заманауи көздерін пайдалану;

- ғылыми конференциялар мен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу.