Басты бет / «Ақжелкен» студенттік театры Қарағанды қаласында, Е. А. Бөкетов атындағы университеттің студенттер мәдениет сарайында «Ақын мен Ажал» спектаклін сахналады 26.11.2024
«Ақжелкен» студенттік театры Қарағанды қаласында, Е. А. Бөкетов атындағы университеттің студенттер мәдениет сарайында «Ақын мен Ажал» спектаклін сахналады 26.11.2024

26.11.2024 жылы Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің “Ақжелкен” студенттік театры “Ақын мен Ажал” спектаклін сахналады. Спектакль бүкіл саналы өмірін халыққа қызмет етуге арналған Сәкен Сейфуллин жайында. Спектакль сценараийін филология ғылымдарының кандидаты,ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев “Ақжелкен” студенттік театры үшін арнайы жазған. Пьеса ақынның, қоғам қайраткерінің тағдырын, сондай-ақ қамауға алынғаннан кейінгі өмірінің соңғы күндерін сипаттайды. Қойылым режиссерлері: Нұрфат Вахитов пен Думан Омар. “Ақжелкен” театрының студенттері өз рөлдерін кәсіби деңгейде көрсетіп шықты. Басты рөлдерді сомдағандар: Сәкеннің рөлін-Экономикалық факультеттің 2024-жылғы түлегі Маратов Жангелді, Ажалдың рөлін-Энергетикалық факультеттің 4 курс студенті Тұрсын Ұлан.

  Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков “Ақжелкен” студенттік театрына шығармашылық табыс тілеп,өз алғысын білдірді.