Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) базасында өткен «B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVIII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың ІІ кезеңі қорытындыланды.
Жекелей жарыс нәтижелері бойынша 3-курс студенті өзінің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейін көрсетті: Максим Алексеевич Кулаков (08-059-23-16Б тобы) құрметті 2-орынға ие болып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ құраманың қоржынына өзге қатысушылар да елеулі үлес қосты: Байзахан Аружан Төлебекқызы (4-курс, 08-059-22-15 тобы) және Ешімтаева Мөлдір Ержанқызы (3-курс, 08-059-23-15 тобы). Бүкіл команданың үздік дайындығын қамтамасыз еткен ғылыми жетекші — қауымдастырылған профессор м.а., PhD Жанат Дүйсенбайқызы Мfнбетова.
Үш қатысушының да сәтті әрі тұрақты өнер көрсетуінің арқасында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ еліміздің жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде көшбасшы орынға ие болды:
1-орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
2-орын: С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ;
3-орын: М. Қозыбаев атындағы СҚУ, «Тұран» университеті және ХИТУ (МИТУ).
Максим Кулаковты, студенттер командасын және олардың ғылыми жетекшісін РЭТ (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) білім беру бағдарламасындағы оқытудың жоғары сапасын дәлелдеген жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Оқуда одан әрі табыстар мен жаңа ғылыми жеңістер тілейміз!

Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.