Басты бет / Студенттер сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшаға Краков ауыл шаруашылығы университетіне барады
Студенттер сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшаға Краков ауыл шаруашылығы университетіне барады

«Геодезия» БББ ЖРБСжД факультетінің студенттері: Жүнісова Айяна - 04-074- 21-13 тобы; Қайркенов Рауан-04-074-22-09 тобы; Күйеубаев Аян - 04-074-22-09 тобы; ББ – «Жерге орналастыру» Құнафия Қалибек - 04-075-22-04 тобы және – «Кадастр» БББ- Шаймұрат Қажыаян-04-075-22-07 тобы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі ұтқан грант 2023 жылғы 20 қазаннан бастап 2024 жылғы 25 ақпанға дейін Польшаға Краков ауыл шаруашылығы университетіне барады. Бұл бағдарлама С. Сейфуллин атындағы КАТЗУ студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамытудағы маңызды қадам болып табылады және шетелде оларға геодезия, кадастр және жерге орналастыру мамандықтары бойынша оқу тәжірибесі мен жаңа озық, инновациялық технологияларды алуға мүмкіндік береді. Жаңа ортада оқу процесіне белсенді және мүдделі қатысуды және алынған тәжірибені магистратураның болашақ ғылыми бағыты үшін тиімді пайдалануды жалғастыруды күтеміз. Сонымен қатар, олар Польшаның мәдениеті мен дәстүрлерімен таныса алады, бұл олардың жеке және кәсіби өсуіне пайдалы болады. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы балаларға табысты білім тіледі және біз олардың осы тәжірибені барынша пайдаланып, оны болашақ жұмысында қолдана алатынына сенімдіміз.

Студенттерімізге бағдарламаның сәтті өтуін тілейміз!