Басты бет / «KazATZU Media» студенттік клубының студенттері жеңімпаз атанды
«KazATZU Media» студенттік клубының студенттері жеңімпаз атанды

30 қараша күні "Antikor ortalygy" алаңында елорда еріктілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл байқаудың мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын қаншалықты түсінетінін білу, жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

Конкурсқа барлығы 30-дан астам жұмыс түсті. Әрбір жұмыс қатысушылардың дүниетанымын, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске деген көзқарасын, сондай-ақ оның қоғам мен адамға теріс салдарын насихаттауға бағытталды. Байқауға Астана қаласындағы ЖОО студенттері қатысқан.

Университетімізден Мәдени -бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің  жанындағы «ҚазАТЗУ Медиа» клубының студенттері өз бейнероликтерін ұсынып, 3-орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.