Басты бет / Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ

«Тоғызқұмалақ» үйірмесінде Ойын техникасы мен тактикасы, екі ойыншының іс әрекеттері мен жұмыс жасау, тастарды тарату сәті, қазанға салу, көрші отау, тұздық алу, арнайы белгі, жүріс мөлшері, ойынның есебі екі жақтама ойын, құмалақ ұту ережесі, Жүріс жасау ережесі, Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары, Комбинация құру тәсілдері мен отаулар бойлап жүру тәсілдері устінде жумыс жасалды.

«Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша  ЖРБСжД факультеті 1 курс студенті Алтынай Турганжанова мен Энергетикалық факультет 4 курс студенті Бұрхасын Шынарбек үйірме қатысушыларына шеберлік сабағын өткізді. Бұрхасын Шынарбек Монголия мемлеекеті азаматы болғандықтан, шеберлік сабақта кезде Монголия Республикасында «Тоғызқұмалақ» ойнау тактикасын   А. Турганжанова мен ойнап көрсетті. Сонымен жарыс және жеңіске жету жолдарын тусінтірді. Пікір ойларымен бөлісті жәнеде секция студенттерімен бірге ойнап көрсетті.

Әрине студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу қызықты өтті. Бундай кездесулер студенттердің күш жігерін арттырып мотивациясын көтереді.