Басты бет / Тоғызқұмалақ (маусым)
Тоғызқұмалақ (маусым)

«Тоғызқұмалақ» үйірмесінде  соңғы  ай секция жұмысын жургізді. Жазғы  дем алыс кезінде Студенттерге  «Тоғызқұмалақ» бойынша тыянақты  тапсырмаларды тапсырылды. Келер жылы ұлттық ойынның ойын техникасы мен тактикасы, екі ойыншының іс әрекеттері мен жұмыс жасауы туралы, тастарды тарату, қазанға салу, көрші отауға іс әрекет жасау, тұздық алу, арнайы белгілерді меңгеру, ойын есебін алдын ала болжап отыру, екі жақтама ойындағы іс әрекеттерді талдау тапсырмалары жүктелді.

Топтың белсенді қатысушылары мен түрлі тәсілдерді қайта қайта ойнап көрсетілді.

Алтынай Турганжанова, Нариман Тұрлыбеков, Дана Маратова, Аружан Қалкөз, Шынарбек Бұрхасындар топтың  қалған студенттері мен пікір ойларымен бөлісті жәнеде секция студенттерімен бірге ойнап көрсетті.

Әрине студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға көп болды. Бұл кездесу студенттердің күш жігерін және ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттырады. Келесі оқу жылына жақсы көңіл күймен келулеріне сәттілік тілеп қаламыз.