
|
Қазақстанның Еңбек Ері (Қазақстан Республикасы Президентінің 14 қараша 2025 жылғы Жарлығымен) 1949 жылғы 27 қарашада Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Степное ауылында дүниеге келген. Ел дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті шаруашылық және қоғам қайраткері, аграрлық кәсіпорындар директоры, білікті ұйымдастырушы. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді.1974 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-зоотехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.1999 жылы Қазақ мемлекеттік экономика және жоспарлау институтының аспирантурасын бітіріп, «Өндірістің тұйық циклін құру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Еңбек жолы: 1967 жылы қала маңындағы 8 жылдық мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі; 1974–1985 жылдары Ақтөбе облысы Ленин ауданындағы «Чапаев» атындағы колхозда бас зоотехник, төрағаның орынбасары; 1981–1985 жылдары «XVIII Партсъезд» атындағы совхоздың бас зоотехнигі; 1985–1990 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінің директоры; 1990–1991 жылдары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы және аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы; 1991–1994 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінің директоры; 1994–1998 жылдары «Степное» ұжымдық мекемесінің директоры; 1994–2012 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының I–IV шақырылымдарының депутаты; Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры және «Арман» аудандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қауымдастығының президенті. Марапаттары мен атақтары: 1981 ж. — «Құрмет Белгісі» ордені; 1992 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы; 1998 ж. — «Астана» медалі; 2000 ж. — «Құрмет» ордені; 2001 ж. — «Қазақстан Республикасының онжылдықтағы үздік кәсіпкері» республикалық конкурсының лауреаты; 2003 ж. — «Ақтөбе облысының Жыл кәсіпкері» сыйлығы; 2004 ж. — Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Құрметті азаматы; 2005 ж. — Мәскеу Қасиетті Даниил князі ордені (III дәрежелі, РПЦ); 2006 ж. — 2005–2006 жылдардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы; 2007 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы; 2009 ж. — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы; 2015 ж. — «Қазақстан ауыл шаруашылығының Құрметті ардагері» атағы; 2017 ж. — «Отан» ордені; 2025 ж. — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, Алтын Жұлдыз белгісі; Мемлекеттік медальдар: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001); «Тыңға 50 жыл» (2004); «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» (2006); Астанаға 10 жыл» (2008); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016). |
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.