2023 жылдың 22-23 сәуір күндері Сейфуллин университеті Жастар саясаты департаментінің және Аманат ПК ұйымдастыруымен «Жаһандану үрдісі жағдайындағы ұлттық мәдениет» атты ҚазАТЗУ ректорының кубогіне арналған дәстүрлі республикалық «KazATU OPEN ІX» пікір-сайыс турнирі өтті.
Жалпы республикалық турнирге еліміздің ЖОО мен Астана қаласының мектептерінен 40 жуық үздік командалар қатысты. Олар: Ә.Марғұлан атындағы ПМПУ, Шәкәрім атындағы СМУ, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, Ө.Сұлтанғазин атындағы ПИ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, Көкшетау Техникалық Институты, Букетов атындағы ҚарМУ, Жұбанов атындағы АӨУ, Ы.Алтынсарин атындағы ПИ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ, Назарбаев Университеті, Торайғыров атындағы ПМУ. Сондай-ақ Астана қаласы бойынша №67 мектеп-гимназиясы, Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясы және №73-№51 мектеп-лицейлері қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты – Сұңқар Ислам, Астана қаласы Әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы – Бағдат Атымтай, Сейфуллин университеті Басқарма мүшесі – бірінші проректор Айтжан Абдыров пен Басқарма мүшесі – студенттік ісі жөніндегі проректор Жайнагүл Құсайынова қатысты.
«KazATU OPEN ІX» турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
«Жеңімпаздар» —100.000тг:
Назарбаев университеті – Сұлтан Сатыбалды,Самат Саяков;
«Финалистер» — 50.000тг
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Өміржанов Амир, Дүйсенғалиұлы Ақылжан, Теңсізбек Шыңғыс, Нүркен Дәулет;
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ – Тұрсын Жолдабай, Исламбек Битимбай.
«Жастар финалындағы жеңімпаздар» — 30.000тг:
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Камелова Даяна, Асаинов Дамир.
«Үздік спикер» 30.000тг: Теңсізбек Шыңғыс – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.
«Үздік төреші» — 40.000тг: Жахан Жаснұр – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.