Басты бет / Еңбек түбі-береке!
Еңбек түбі-береке!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде "Еңбек адамы" идеологиясын насихаттау мақсатында 30 қараша күні университетіміздің Агрономиялық факультетінің түлегі, техника ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер, меценат, «Оң-Олжа» ЖШС Бас директоры Марат Әскенұлы Нәбиевпен кездесу ұйымдастырылды.                                                                                  

Кездесудің алдында университеттің Ғылыми кеңесінде Басқарма төрағасы-Ректор Қанат Маратұлы Тіреуов М.Нәбиевті университеттің ең жоғарғы марапаты «С.Сейфуллин медалімен» марапаттады.

Кездесуге университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаментінің қызметкелері мен арнайы шақырылған қонақтар және университеттің барлық   факультеттерінің  4-курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында ардагер ағамыз өзөмірбаянын, алғашқы еңбек жолын, студенттік кезіндегі қызықты сәттерін еске алып, адал еңбектің берекесін насихаттады.  Кездесуге қонақ ретінде белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Кеш соңында, Марат Әскенұлы Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департаменттің қызметкерлеріне ұйымдастырған шара үшін алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

Кездесу соңында кеш қонақтары мен студент жастар ардагер ағаларымен естелік суретке түсті.