Басты бет / «Шебер қолөнершілер» клубының 2023-2024 оқу жылындағы отырысы өтті
«Шебер қолөнершілер» клубының 2023-2024 оқу жылындағы отырысы өтті

2023  жылдың  11 қыркүйек күні «Шебер қолөнершілер» клубының алғашқы отырысы өтті. Алдымен клубтың жұмысы бойынша Н.Жиенбай есеп берді. Клубтың құрамы жасақталып, алдағы орындалатын іс-шаралар, мақсаты және міндеттері белгіленді. 2023-2024 оқу жылында клуб төрайымы Елеман Ақбота тағайындалды.

Енді өз қызығушылығы бойынша клуб қатарына қосылған 10 студент «Шебер қолөнершілер» клубының жұмысын жалғастыратын болады.

«Шебер қолөнершілер» клубының жұмысына сәттілік тілейміз.