Басты бет / 8-наурыз мейрамына орай «Lady 's party» атты мерекелік іс шара өтті
8-наурыз мейрамына орай «Lady 's party» атты мерекелік іс шара өтті

2023 жылдың 7 наурызында  «Kazatu Conneсtor» клубының ұйымдастыруымен  «Lady 's party» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік іс-шараға Жастар ісі жөніндегі комитет жігіттері, студенттік кеңес жігіттері және де «Казату медиа» клубы ерекше атсалысты. Әуезді ән айтылып,қыздар туралы өлең жолдары оқылды.Сонымен қоса «Биле жатақхана» сайысының жеңімпаздары өнер көрсетті.

Университет аруларына арналып, арнайы фуршет пен сусындар ұсынылды.Іс шара соңында Жастар ісі жөніндегі департамент басшысы Әділет Мырзаханұлы қыздарды мейрамымен құттықтып,ізгі лебізін білдірді.
Концерт жоғары деңгейде өтті. Шара соңында арулар естелікке суретке түсіп, өз алғыстарын білдірді.