Басты бет / С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да ғылыми-әдістемелік семинар қатысушыларына алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды
С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да ғылыми-әдістемелік семинар қатысушыларына алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды

2026 жылғы 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесі қарсаңында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ғылыми-әдістемелік семинардың лекторларына алғыс хаттар мен қатысушыларына сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Аталған семинарды Бизнес және цифрлық технологиялар институты ұйымдастырып, 2026 жылғы 10–27 ақпан аралығында
«Ғылыми жоба және жарияланым: зерттеу қызметінің толық циклі» тақырыбында өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – профессорлық-оқытушылық құрам мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін арттыру, сондай-ақ ғылыми жобаларды дайындау және зерттеу нәтижелерін отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жариялау дағдыларын дамыту болды.

Семинар барысында қатысушылар ғылыми қызметтің негізгі кезеңдерін қарастырды: ғылыми идеяны қалыптастыру, зерттеу жобасын дайындау, ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, академиялық жарияланымдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ ғылыми нәтижелерді ілгерілетудің заманауи тәсілдері.

Семинар қорытындысы бойынша ҚР ҰҒА академигі, Басқарма Төрағасы – Ректор Тіреуов Қанат Маратовичтің атынан отандық және шетелдік лекторларға университеттің ғылыми-әдістемелік жұмысының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Ал Басқарма Төрағасы – Provost Әбішева Роза Жанысбекқызының атынан қатысушыларға ғылыми-әдістемелік семинарға белсенді қатысқанын растайтын 36 академиялық сағат көлеміндегі сертификаттар берілді.

Осындай іс-шараларды өткізу университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми зерттеулер сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

 

   

   ​​​​​​​