Басты бет / ҚазАТУ-да  жемқорлықтың алдын алу бойынша онкүндік семинарлар  өтті
ҚазАТУ-да  жемқорлықтың алдын алу бойынша онкүндік семинарлар  өтті

2021 жылдың ақпан айының  02 мен 11-і аралығында  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетінде  Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментiнiң ұйымдастыруымен жемқорлықтың алдын алу бойынша 1-4 курс студенттеріне онлайн- семинарлар өтті.

Осы онкүндікте  бекiтiлген кестеге сəйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бас маманы Д.И. Раимбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ш.Ш.Қожахметов, Нұр-Сұлтан қаласы «NUR OTAN» партиясының  «Байқоңыр» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.С. Шарипжанов семинарға  арнайы қатысты.

Онлайн кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптері, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды мен зардаптарын жою,мәселелері сөз болды. срнымен бірге  алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті туралы  кеңiнен ақпарат берiлдi. Семинарды өткізген мамандар жастарға жемқорлықпен күресудің жалпығаортақ міндет екенін баса айтты.

Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік болу  үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет екенi айтылды.

Жемқорлық қоғамда ең басты ɵзектi мəселе екенiн бiле отырып, жастар ɵз сауалдарын қойып, кеңінен пікір алмасты.