Басты бет / Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті
Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

2022 жылдың 24 қазаны күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға университет оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында Шығармашылық дамыту орталығының студенттері тәуелсіздік, отан, туған ел, жер туралы ән-жыр айтып, отансүйгіштік сезімдерді жандануына септігін тигізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.