Басты бет / «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясындағы «АТА-АНА ҰЛАҒАТЫ- ҰРПАҚҚА АМАНАТЫ» атты кездесу
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясындағы «АТА-АНА ҰЛАҒАТЫ- ҰРПАҚҚА АМАНАТЫ» атты кездесу

2023 жылдың 23 қарашасы күні университеттің қабырғасында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «АТА-АНА ҰЛАҒАТЫ-ҰРПАҚҚА АМАНАТЫ»  тақырыбында кездесу өткізілді.

«Ұрпақтар  сабақтастығы» тәрбиесіне арналған кездесуге белсенді еңбек  ардагерлері, қоғам қайраткерлері, жастар көшбасшылары, «Жас сарбаз, жас өспірімдер» ұйымдарының мүшелері, декан орынбасарлары және ҚАТЗУ-дың жастары қатысты. 

Қатысушыладың алдында Астана қаласының ардагерлер кеңесініңТөрағасы Есілов Сансызбай Сейтжанұлы, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының бастығы Әлмұханов Нұрдаулет Иманәлиұлы,  Қорғаныс Министрлігі Астана қаласының қарулы күштер департамент басшысының орынбасары, полковник Артықов Ғани Асылбекұлы, ҚАТЗУ комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А.Токушев сөз сөйледі.  Қ.А.Токушев жастар арасындағы мәселелерге тоқтала келе, бүгінгі тәрбие үдерісіндегі  өзекті жағдайларды атап өтті.

Конференцияның соңында қалалық ардагерлер кеңесінің атынан ардагерлер ұйымының төрағасы С.С. Есілов жастарымызға АМАНАТ ХАТ тапсырып,  вокал үйірмесі шәкірттерінің  орындауында «Атамекен» әні шырқалды.