Басты бет / «Жан жылуы жобасы» аясында Астана қаласындағы қарттар үйіне бару 01.05.2025 ж
«Жан жылуы жобасы» аясында Астана қаласындағы қарттар үйіне бару 01.05.2025 ж

«Жан жылуы» аясында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Студенттер Альянсының өкілдері жеке меншік «Destek» пансионатына көмек көрсетті.

«SF|Shaurma Food» демеушілігімен бөлінген 45 000 теңге қаражатқа бірінші кезектегі қажетті азық-түлік өнімдері сатып алынды. Сатып алынған заттар кассалық чектің негізінде расталады. Барлық азық-түлік 01.05.2025 күні мекемеге табысталды.

Кездесу барысында еріктілер қарттармен тілдесіп, қажетті азық-түлікті табыстап, өз қамқорлығы мен құрметін білдірді. Осы әрекеттен кейін, пансионат басшылығы біздің ұйымға және демеушілерге ризашылығын білдіріп, «Destek & PSYCHOLOGY» оңалту орталықтарының басшысы атынан алғыс хат жолдады.

Мұндай игі шаралар қарттардың күнделікті қажеттіліктерін өтеумен қатар, оларға ерекше қажет жан жылуын сыйлайды.

https://www.instagram.com/reel/DJJY0jPIuFh/?igsh=ajc1ZXhybjhreGIz