Басты бет / Университетімізде «Аманат» партиясының хатшылары тағайындалды
Университетімізде «Аманат» партиясының хатшылары тағайындалды

2023 жылы   желтоқсанның 21-і күні студенттік жұмыстар жөніндегі проректор – Басқарма мүшесі Жайнагүл Айтмағанбетқызы Құсайыноважәне «Аманат» партиясының Сарыарқа ауданы бойынша жауапты хатшысы Руслан Шәкібайұлы Қонақбаевтың қатысуымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде бас қосу өтті. Басты мақсат –партия мен университет арасында ықпалдастықты күшейту, атқарылғанжұмыстарды қорытындылап, 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспарын пысықтау. Алғы сөз алғанЖайнагүл Айтмағанбетқызы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен бірге алдағы атқарылатын жұмыстарды жетілдіре түсуде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Төлеген Хаметұлы Сматаев пен «Философия» кафедрасының аға оқытушысы Жылбек Маратұлы Жанабаевты жауапты хатшылар болып сайланғанын жеткізді. Партия жоспарымен бөліскен Руслан Шәкібайұлы «Аманат» партиясы университетіміздің студент жастарының ұсыныстарын қашанда қолдайтындығын атап өтті.