Басты бет / Университетте Студенттер күні аясында брейн-ринг өтті
Университетте Студенттер күні аясында брейн-ринг өтті

2023 жылдың 17 қарашада университетте Студенттер күніне аясында "Парасаттылық пен адалдық-адам мәдениетінің көрсеткіші" тақырыбында факультетаралық интеллектуалдық брейн-ринг ойыны өтті. Топтардың құрамында 1 курс студенттері мен "Саналы ұрпақ"ұйымының мүшелері болды.

Қазылар алқасының құрамында Басқарма мүшесі, Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова, гуманитарлық факультеті «Философия» кафедрасының доценті С.Б.Құрманова болды.

Қатысушылар "Алтын белгі" иегерлер қауымдастығы мен Мәдени-бұқаралық жұмыстар департаменті дайындаған Қазақстан тарихы, құқық, философия және филология саласындағы сұрақтарға жауап берді.

Ойынның жүргізушісі ЖРБСД факультетінің студенті Альман Диляра және техникалық бөлімге жауапты Сұлтанова Амина болды.

Жиналған ұпайлар бойынша "Унесенные ветром" ОШЖТжҚО факультетінің 1 курс құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды "New VET" ВжМШТ факультетінің 1 курс командасы иеленді, ал үшінші орын "Муза Конфуза" агрономия факультетінің 1 курс командасына бұйырды.

Құттықтаймыз!