Басты бет / ҚазАТЗУ-да поэзия кеші өткізілді
ҚазАТЗУ-да поэзия кеші өткізілді

2023 жылдың 27 қазан күні университетімізде  Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті және  KATZU MEDIA клубының ұйымдастыруымен поэзиядан факультетаралық байқауы өтті.

Кештің басты қонағы блоггер, диктор Асхат Амангелді болды.

Қазылар алқасының құрамында Басқарма мүшесі - Студенттер ісі жөніндегі проректор Құсайнова Жайнагүл Айтмағанбетқызы, Асхат Амангелді және қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Асель Бауыржанқызы Ерсаинова болды.

Сайыстан тыс университеттік  «Ақжелкен» театры, 3курс студенті Ильяс Гүлмарал,2курс студенті Джумадуллаева Айнаш және Темірханов Құдайберген өз өнерлерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы:

1 орын- Экономикалық факультеті;

2 орын- Агрономия факультеті;

3 орын - ЖРБСД факультеті;

«Жүрекке жеткен сол жырлар» номинациясын  КЖжКББ факультетінің студенттері иеленді;

«Үздік көрініс» номинациясын Экономика факультеті жеңіп алды.

Құттықтаймыз!