Басты бет / «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» VIII халықаралық конференциясы
«Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» VIII халықаралық конференциясы

2023 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» VIII халықаралық конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары – «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі мен халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы өткізді.

Аталған іс-шара аясында «ТМД-ның үздік жас ғалымы», «ТМД-ның үздік ғылыми қызметкері», «ТМД-ның үздік маманы» атты халықаралық кітап коллекцияларының тұсаукесері өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Конференция соңында ұйымдастырушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында «ТМД-ның үздік студенті», «ТМД-ның үздік педагогы», «ТМД-ның үздік жас ғалымы» және «2032 жаңа 100 тұлға» номинацияларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» кеудеге тағатын белгімен марапатталған «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Картабаева және «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы С.Н.Сейсенова да бар «ТМД-ның үздік ғылыми қызметкері - 2023».

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!