Басты бет / ФАО делегациясының сапары
ФАО делегациясының сапары

2024 жылғы 30 мамырда ФАО-ның Венгриядағы Аймақтық кеңсесінің (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) және ФАО серіктестік және байланыс кеңсесінің өкілдері С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық зерттеу университеті орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінде болды. Делегация құрамында ФАО-ның Будапешттегі аймақтық кеңсесінің байланыс жөніндегі маманы Романо Маттиа, Қазақстандағы ФАО бағдарламасының талдаушысы Самат Қайырбеков және ФАО-ның коммуникациялар жөніндегі маманы Эльвира Бердәулетова болды.

Осы сапарға арнайы факультет Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) қағидаларын ұстанатын тұрақты даму бағытында ЕО Эразмус+ жобаларының көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде келесі жобалар ұсынылды: HWCA «Орталық Азиядағы климатқа төзімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін су секторындағы жоғары білімді нығайту», SUSDEV «Тұрақты даму үшін өмір бойы оқыту», NICoPA «Дәл ауыл шаруашылығына арналған жаңа және инновациялық курстар», SARUD «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту», SAGRIS «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақтың ауыл шаруашылығы жүйелері саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» және UnWaste «Қалдықтарды басқару саласындағы магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» .

Жобалардан басқа көрмеде 2023 жылғы 23 қарашада өткен «Климаттың өзгеруі бойынша қазақстандық студенттердің диалогы: тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шешімдерін табу» атты мега іс-шараға қатысқан орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің студенттерінің материалдары ұсынылды. Оның аясында бір ай бойы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, БҰҰДБ жобасының сарапшысы Ақмарал Ағажаева және ФАО бағдарламасының талдаушысы Самат Қайырбековтың жетекшілігімен үш топ студенттеріміз жұмыс жасады. Командалар тұрақты даму саласындағы іргелі зерттеулерінің нәтижелерін статистика және инфографика түрінде ұсынды.

ФАО делегациясымен кездесуге «Орталық Азиядағы климатқа төзімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін су секторындағы жоғары білімді нығайту» Erasmus+ HWCA жобасының Еуропалық Одағы тобының мүшелері қатысты.