Басты бет / Волейбол (ерлер) - ақпан 2024 ж.
Волейбол (ерлер) - ақпан 2024 ж.

2024 жылдың ақпан айында волейбол (ерлер) спорттық секциясы жылдық жоспарға сәйкес кесте бойынша университет студенттерімен жұмыс атқарды. Көрсетілген мерзімде спортшылармен теориялық бөлімінде дәрігерлік және өзіндік бақылау, дене дайындығы бөлімінде қозғалыс сапаларын дамыту мен арнайы дайындық, техникалық дайындық бөлімінде секіру мен оған дайындалу техникасын игеру және шыңдау, тактикалық дайындық бөлімінде позициялық шабуылдау әдістері ұйымдастырылды. Жаттығу процесімен бірге жылдық жоспарға сәйкес 2024 жылдың 12-15 ақпан аралығында университетіміздің «Сарыарқа» спорт кешенінде ҚазАТЗУ студенттері арасындағы факультетаралық спартакиада аясында волейболдан ерлер жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарыс нәтижесі: 1-орын техникалық факультет, 2-орын ВжМШТ факультеті, 3-орын энергетикалық факультет.

Жаттықтырушы: С.Д. Сүлейменов