Басты бет / «Көмек» еріктілері «Серебряный век» қарттар пансионатында 14.12.2024 ж
«Көмек» еріктілері «Серебряный век» қарттар пансионатында 14.12.2024 ж

«Көмек» еріктілері «Серебряный век» қарттар пансионатына барып, ақылын айтар қарияларымызбен бір күн өткізді. Шара барысында ән шырқап, жүрек жарды тілектер айтылды. Өмірден көргені көп ел қазыналары – қарияларымыздан түртіп алар дүние көп болды. Бұл күн студенттер үшін де, қариялар үшін де ерекше жылы әсер сыйлады. Аға буынның өмірлік тәжірибесі, даналығы мен ақ батасы жастарды шабыттандырып, жақсылық жасауға жігер берді.
Қарттарымызға құрмет көрсету – біздің басты борышымыз.