«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.
Осы ретте 2023 жылдың 19 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы балалар үйінде «Бала көңілдің гүлі-көздің нұры» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізді. Ұйым мүшелері балалраға көңілді кеш сыйлаумен қатар сыйлықтарында табыстады.
Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» -деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз, қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік. Қайырымдылықтай асыл қасиетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.