Басты бет / «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер» тақырыбында кездесу
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер» тақырыбында кездесу

2023 жылдың 3 наурызы күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Әділет министрлігінің өкілі Д.А.Ахметова, Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсайынова, аппарат басшысы Ж.М.Жазықбаева, комплаенс – офицер Қ.А.Токушев және «Саналы ұрпақ» ұйымының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қызметкерлерге студенттер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.

Кездесудің мақсаты “Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Кездесуде қатысушылар  өз ойларын айтып жемқорлыққа қатысты сұрақтарына жауап алды.