Басты бет / «Құмар ойындардың зардабы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында кездесу
«Құмар ойындардың зардабы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында кездесу

2023 жылдың 26 сәуірі күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Құмар ойындардың зардабы және қаржылық сауаттылық» тақырыбында техникалық факультетінің 1-3 курс студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуді жастар саясаты департаментінің директоры Әділет Мырзаханұлы жүргізіп, студенттерге бейнероликтер көрсетіп, қаржылық сауаттылық, сақтық шаралары туралы толыққанды мәлімет берді.

Кездесудің мақсаты – студенттерге құмар ойындардың зардабы туралы жан – жақтылы ақпарат беру, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру, қаржылық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру.

Құмар ойындардан келетін қауіп үлкен екені талай айтылып жүр. Мұндай ойын түрлері заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады. Оған құныққан адам қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, тілдесу, тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Лудомания, яғни ойынға тәуелділіктің дүниежүзінде ауру ретінде қарастырылып, осыған байланысты арнайы медициналық терминнің енгізілуі де тегіннен тегін емес.

Осы тақырыптар бағытында болған кездесуде студенттер өздерінің сұрақтарына жауап алып, соңында алғыстарын айтты.

Кездесуге 200 студент қатысты.